Жанармай бағасының шекті бағасын сәуір айынан бастап монополияға қарсы агенттік бекітетін болады

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Еліміздегі бензиннің шекті бағасын сәуір айынан бастап Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бекітетін болады.
None
None

Бүгін Мәжілісте «Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету» және  «Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы» тақырыптарындағы Үкімет сағаты барысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

С. Мыңбаевтың айтуына қарағанда, былтыр қабылданған шараларға сәйкес, елдің ішкі нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында жанармайдың шекті бағасын Мұнай және газ министрлігі бекітіп келді.

«Бұған дейін жұмыс тобының шешімімен шекті баға бекітіліп, ондай қаулыға министр ретінде менің қолым қойылып келді. Ендігі күні, яғни сәуір айынан бастап бензиннің шекті бағасын бекітетін құзырлы орган - Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне беріледі», - деді С. Мыңбаев.

 

Соңғы жаңалықтар