«Жанармайдың бітпейтін жыры» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. Қазанның 27-сі. / ҚазАқпарат/ Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда қазанның 27-сі,  сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

 «Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы болды. Онда мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық бірлік - біздің стратегиялық таңдауымыз» деген тақырыпта баяндама жасады». «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында осы баяндама толық жарияланып  отыр.

 Осы тақырып «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерінің де назарынан тыс қалмаған.

 «Қ. Тоқаев кеше Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархының викарийі, Волоколам Архиепископының сыртқы шіркеулер қатынастары бөлімінің төрағасы Илларионмен және әріптесі - Ресей федерациясы федералды Жиыны Федереция Кеңесінің Төрағасы Сергей Мироновпен кездесті». Кездесудің егжей-тегжейін «Көрші елдегі кездесулер» деген тақырыптағы мақаладан оқыңыздар.

***

«Айқын» басылымындағы «Бесшатырды» сақтап қалу қажет!» деген тақырыппен берілген  мақалада қазақ халқы тарихының ажырағысыз бір бұтағы болып табылатын «Бесшатыр» сақ  обаларының  бүгінгі жайы алаңдататындығы айтылыпты. «Ең өкініштісі, сақтар патшалығының үрім - бұтағы жерленген осынау баға жетпес тарихи  обалардың үшеуі кешегі Кеңестік кезеңде бульдозермен бұзылып, жермен-жексен болды», - дейді «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Қамзаұлы.

***

- Иә, «Суретшілер  үйі» дегеніміз театр сияқты киелі өнердің үлкен бір қарашаңырағы ғой. Бірақ, заман өзгерді ме, тағлым тозды ма, әйтеуір бүгінде Үкімет те, халық та суретшілер қауымынан теріс айналғандай күйге куә болып отырмыз, - дейді ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Астана Суретшілер одағының төрағасы Талғат Төкенұлы Бажақұпов.  Астана Суретшілер одағының кешегісі мен бүгіні хақында «Астана ақшамы» басылымының бүгінгі санындағы «Өркен жайған өнердің жайы» тақырыбымен берілген сұхбаттан оқыңыздар.  

***

 «Алтын орда» апталығының бүгінгі санындағы «Жанармайдың бітпейтін жыры» тақырыбымен берілген сұхбатта Сенат депутаты Тасбай Симамбаев  «жанар-жағармай проблемасын қалай шешуге болады?» деген мәселе төңірегіндегі ойларын ортаға салған.

Осы басылымда: «Фариза, сені анаң «Фәру» деп атаған екен, курстас құрдастардың бірі Рухия да «Фәру» деп атайтын. Алдағы сөздерімде «Фәру» деп қаратпа жасап отырамын. Фәру! Қандай тамаша сөз! «Осындай атты иемденген адам тегін емес-ау?!» деп, кез-келген адам естісе, елең ете қалары сөзсіз», - деп  жазады   Фариза  Оңғарсынованың  өмірі  мен  шығармашылығына  арналған «Фариза!»  атты мақаласында   әйгілі  ақынның  курстасы  Қадыр  Жүсіп. 

«Жезтырнақ, айдаһар және сыған кемпір». Осы тақырыппен берілген аталмыш басылымдағы келесі мақала Шу қаласының тұрғыны Асқарбек Қасымұлының басынан өткен тылсым жайттарды баяндайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясы турасында орыс  тілді «Экспресс К», «Время», «Известия Казахстан», «Казахстанская правда» басылымдары да кеңінен жазды.

Мысалы, «Казахстанская правда» газетіЕлбасы ұсынған ұлттық бірлік доктринасы өте дер уағында және өзекті мәселе екенін атап көрсеткен Мемлекеттік хатшы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың сөзін келтірген.

Ал  «Известия Казахстан»газеті НұрсұлтанНазарбаев ұсынған жетекші журналист-сарапшылардың  ұлтаралық мәселелер жөніндегі клубын құру ұсынысына назар аударады.
Ассамблеяда көтерілген осы және басқа да мәселелер турасында "Литер", "Экспресс-К"  газеттерінен де оқуға болады.   

Соңғы жаңалықтар