Жанартау кратерінен тірі акула табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атқылап тұрған су асты жанартауы кратерінен ғалымдар акуланың екі түрі мен тұтасқанат балығын көріп, жануарларды видеоға түсіріп алды.

Жанартау кратерінен тірі акула табылды

Ыстық температура мен ортаның жоғары қышқылдығы балықтарға еш кедергі келтірер емес.

Кавачи жанартауы кратерінің ішіндегі экстремалдық жағдайға байланысты су астына ғалымдар бір сағатқа ғана видео орнатты. Сеанстардың бірінде 45 метр тереңдікте олар акуланың екі түрін және бірнеше балықтарды көрген.