Жанартау күлі әуе компанияларын 1,7 млрд. доллар шығынға батырды

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Айгүл Айтмұқанова/ - Исландия жанартауынан атқылаған күл салдарынан әуе компаниялары кем дегенде 1,7 млрд. доллар шығынға ұшырады, деп хабарлайды әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы.

Жанартау күлі әуе компанияларын 1,7 млрд. доллар шығынға батырды

Қауымдастық төрағасы Джованни Бисиньянидің сөзіне қарағанда, ұшуға тыйым салынған алғашқы үш күннің ішінде әуетасымалдаушылар күн сайын 300 млн. доллар көлемінде қаражаттан қағылған. «Ал рейстерді алып тастау шарықтау шегіне жеткенде әлемдік әуе қоғамдастығының үштен бір бөлігіне таралып, 1,2 млн адамды қамтыған», - деді ол.