Жанартау күлі Кадовар аралын басып қалды, тұрғындар түгел эвакуацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанартаудың атқылауына байланысты Папуа-Жаңа Гвинеядағы Катовар аралының тұрғындарын эвакуациялап жатыр.
Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір мұндағы жағдай өте ауыр. Арал территориясының 50 пайызы лаваның астында қалған, деп хабарлайды Radio New Zeeland.
Аралды 600 адам мекендейді екен. Жанартау 5 қаңтар күні атқылай бастаған. Екі күннен кейін тіптен күшейгені айтылады. Ол 40 жылдан бері үнсіз жатқан.
Отты жанартаудан маңайындағы көрші аралдардың тұрғындары да қауіптеніп отыр. Бұл апаттың соңы цунамиге әкеліп соғуы мүмкін екен, деп хабарлайды РЕН ТВ.