Жанартаудан қашқан Гавай аралының тұрғындары малдарын құтқаруда

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Габай аралында Килауэа жанартауының атқылауы салдарынан эвакуацияланған тұрғындарға үйлеріне оралып малдарын, ең қажетті керек-жарақтарын алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды euronews.

Жанартаудан қашқан Гавай аралының тұрғындары малдарын құтқаруда

Бұдан бұрын жанартау аумағында тіршілік кешіп жатқан 2 мыңға жуық адам эвакуацияланған болатын. Төтенше жағдай қызметі қазіргі уақытта тоғыз жанартау ошағынан балқыған отты сұйық заттардың  және улы газдардың шығып жатқандығын анықтады.   

АҚШ геология қызметі аралдың оңтүстік-шығысында магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі  болғанын хабарлады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы дерек жоқ. Кем дегенде 26 үй қирады.