Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау заңына өзгерістер енгізетін заң жобасы Мәжілісте қайта қаралады

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенаторлар екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш заң жобасы Үкіметтің 2008 жылға арналған заң шығару жұмыстары жөніндегі жоспарының 26-шы тармағын орындау мақсатында әзірленіп отыр. Заң жобасы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға ынталандыратын талаптардың құқықтық негіздерін нақтылайтын заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталған. Құжат мемлекет бюджетінен қаржы шығындауды қажет етпейді. Егер ол күшіне енетін болса, еліміздің «Әкімшілік құық бұзушылықтар туралы» және Жер кодексіне сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу туралы», «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы», «Электр энергетикасы туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдарына өзгерістер мен түзетулер енгізіледі. Отырыс барысында депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, екінші оқылымда оған бірқатар түзетулер енгізу қажет болған соң Мәжіліске қайтарды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум