Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың құқықтық негіздері заңмен белгіленбек

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына арнаған жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың жалпыұлттық жоспарын орындау мақсатында әзірленген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасымен еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Атап айтқанда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» және Жер кодекстеріне, «Энергия үнемдеу туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Электр энергетикасы туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдарға бірқатар түзетулер қарастырылған. Атап айтқанда, заң жобасы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі нысандарды салуды ынталандыру, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр немесе жылу энергиясын сату үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Аталған заң жобасын қабылдау жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы құқықтық негіздерді, қағидаттар мен ережелерді анықтайтын заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталған.
Соңғы жаңалықтар