Жаңартылған «Медеу» мұз айдыны Тәуелсіздік күні ашылады - Алматы әкімімен тікелей желі

sp;АЛМАТЫ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Алматыдағы биік таудағы «Медеу» мұз айдыны жаңғыртылғаннан кейін желтоқсанның 16-сында - Қазақстанның Тәуелсіздігі күні ашылады.
None
None

Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов кеше «Алматы» телеарнасында тікелей эфирде қала тұрғындарының көптеген сұрақтарына жауап қайтару барысында айтты.

Баршаға белгілі, Алматы Азиада-2011 ойындарын қабылдауға әзірленуде, сондықтан да биік таудағы «Шымбұлақ» және «Медеу» спорт кешендерінде жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр. «Медеуге» мұз айдыны қайта төселді, ал «Шымбұлақта» жарыстар Халықаралық шаңғы спорты федерациясының ережелері бойынша өтетін болады. Сондай-ақ Спорт сарайы және шаңғы трамплині толық жаңғыртудан өтуде.  

Соңғы жаңалықтар