«Жаңару» кешенді жоспары аясында ШҚО-да ауылдық жерлердегі мектеп пен ауруханалар жөнделеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту бағдарламасының «Жаңару» өңірлік кешенді жоспарының аясында облыстағы әлеуметтік нысандарды жөндеуге3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бұған 300 млн теңге жергілікті бюджеттен қосылып, 149 мектеп пен 76 фельдшерлік-акушерлік пунктер, дәрігерлік амбулаториялар жөнделеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Биылғы жылы қаржыны 7 немесе 8 бағытқа бөлмей, әлеуметтік маңызды нысандарды жөндеуге жұмсаймыз. Жалпы, «Жаңару» жоспары шеңберінде 149 білім беру және 76 денсаулық сақтау нысанын жөндеу жоспарлануда. Аталмыш нысандардың барлығы дерлік ауылдық жерлерде», - деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар «ШҚО Ақпараттық орталығы» АКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.

141 мектеп, 5 колледж, және басқа 3 білім беру нысандарын жөндеу үшін 2,2 млрд теңге бөлінеді. Бірінші кезекте шатыр жұмыстары, жылу беру жүйелері және қазандықтар.

772 млн теңге денсаулық сақтау нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінбек. 57 отбасы-дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерді, 15 аурухана, 3 емхананы жөндеу жоспарлануда. Нысандардың 80%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Бірінші кезекте жылу беру жүйелерін жөндеу қажеттілігі бар нысандар жөндеуден өтпек. Байқау рәсімдері сәуір айында өткізіледі.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары облыс бойынша медицина қызметкерлері үшін 117 пәтер бөлінетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар