Жанат Жақиянов WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) шаршы алаңға шығып жүрген қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

Осыған дейін WBA International нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы 30 жастағы қазақстандық боксшы бесінші орында болған.

Еске сала кетейік, өзінің соңғы жекпе-жегін Жақиянов 10 мамырда Болгарияда аргентиналық Гектор Роландо Гузманмен өткізген. Жақиянов алтыншы раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Қазақстандық үшін бұл 25-ші жеңіс, бір рет жеңілген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум