11:55, 19 Қазан 2017 | GMT +5
Жанат Жақиянов жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді
АСТАНА.ҚазАқпарат - Жеңіл салмақтағы WBA Super және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (27-1-0, 18КО) жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боксшының бапкері Рикки Хаттон өзінің твиттерінде ашық жаттығудан видео және фотолар жүктеді.
Айта кетейік, Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылған ашық жаттығуға Жақияновтың қарсыласы, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Райан Барнетт те (17-0-0, 9КО) қатысты.
Еске салайық, Жақиянов және Барнетт жекпе-жегі Қазанның 21-нен 22-сіне қараған түні Белфаст қаласында өтеді. Боксшылар өздерінің чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады. Бокс кешін «QAZSPORT» телеарнасы 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.