Жаназаға барған елордалық Жамбыл облысының 6 тұрғынына коронавирус жұқтырды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 6 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаназаға барған елордалық Жамбыл облысының 6 тұрғынына коронавирус жұқтырды

Науқастар 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылы туған Қордай ауданының тұрғындары.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 17 наурызда Қордай ауданына туысының жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынынан жұқтырған.
«Олармен байланыста болған адамдарды анықтау, карантин стационарына орналастыру, зертханалық зерттеуге материалдарды саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиялық қызмет олардың тұрғылықты мекенжайлары мен болған орындарын дезинфекциялап жатыр», - делінген ақпаратта.