Жаңазеландиялық әуекомпаниясының ұшқышы ұшу кезінде ұйықтап кеткен
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландия Air New Zealand әуетасымалдаушы компаниясы ұшқыштарының бірі жұмыс орнында ұйықтап қалды,
деп хабарлады Росбалт.
Әуекомпания хабарламасында, рейс кезіндегі жағдайды екінші ұшқыш бақылауға алған.
Ұшқыш ұшу кезінде болған оқиға жөнінде өзі айтты. Ол бұл әрекетін рейс алдында Лондондағы қонақүйден берілген бөлменің нашарлығымен байланыстырды. Ауа баптағыш жүйенің ақаулығынан түнде бөлмесін үш рет ауыстыруға мәжбүр болған.
Ұшқыштың сөзіне қарағанда, ұшу кезінде ол екі рет мызғып кеткен. Ұйқысы 10 минутқа созылған көрінеді.
Әуекомпания басшылары бұл тұрғыда ұшқышты қатаң жазаламайтындықтарын мәлім етті.