Жаңазеландиялық әйелдің ажалы кока-коладан келді

Дәрігерлердің анықтағанындай, марқұм тірі кезінде күн сайын кем дегенде10 литр газдалған сусын ішетін көрінеді.
Ол осылайша дәрігерлер рұқсат берген күндік мөлшерден екі есе көп кофеин дозасын, ал адам ағзасына қажетті мөлшерден 11 есе көп қант қабылдаған.
Сегіз баланың анасы Наташа Харрис өлерінен біраз уақыт бұрын осы сусынның кесірінен барлық тісінен айырылып, аузының опырайып қалғанын да айта кету керек.
Сусынның осы түрін өндіретін компания патологоанатомдардың бұл тұжырымымен келіспей отыр. Әйелдің ажалы кока-коладан болуы мүмкін емес деп отыр компания өкілдері.
Харристің туыстары оның кока-колаға қатты үйір болғанын айтады. Сусынның бұл түрін ішпесе, басы ауырып, балтыры сыздай бастайтын көрінеді. Ол шектен тыс қолданған тәттіден тістерінен айырылған.
Коронер Дэвид Крирардың сөзіне қарағанда, кока-кола Наташаны жүрек талмасына алып келген.
«Мәлім жайттарды назарға алғанда түйгеніміз мынау: Наташа Харрис кока-коланы шектен тыс көп ішпегенде жасына келіп, қартаймай, ерте көз жұмбас еді», - деді ол.
Оның есебінше, марқұм күн сайын ішкен кока-коланың 10 литрінде 1 келіден де көп шекер және 970 мг кокаин бар.
Coca-Cola компаниясының адам денсаулығын ойламайтынын айтқан Крирар сусын түрлерін өндіретіндерді тұтынушыларға қант пен кофеинді шектен тыс қолданудың зиянды екендігін ескертуге шақырды.
Мисс Харрис денсаулығының нашарлағанын айтып, дер кезінде дабыл қаққанда, қайғылы жағдайға ұрынбас еді деп отыр коронер.