Жаңажылдық дәстүр: бір-бірімен ренжіскен перуліктер жұдырықтасуға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудің кейбір аудандарында тұратын байырғы халықтардың бірінде Жаңа жыл мерекесін қарсы алудың қызық дәстүрі бар. Жыл бойы бір-бірімен ренжісіп жүрген адамдар жұртшылық алдына шығып, кәдімгідей төбелеседі, деп хабарлады www.24.kz.
Мейрамға келген ер адамдар ғана емес, әйелдер, тіпті, балалар да бір-біріне аямай жұдырық жұмсауға рұқсат бар. Дегенмен, олар өз қарсыласының денсаулығына қауіп төндірмеуі тиіс және бұрынғы кегі мен өшін бұдан былай ұмытуы шарт. Осылайша олар бір-біріне жақсы ниетте болып, жаңа жылға дос көңілмен қадам басулары керек. Мерекенің ерекшелігі осы болса да, аяқталуының кез келген басқа мейрамнан айырмашылығы жоқ. Мұнда келген жұртшылық бір дастарханнан тамақтанып, ішімдік ішіп, бірге ән айтып, би билейді.