13:13, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жаңажылдық мереке күндері республика бойынша 169 жол-көлік оқиғасы орын алды
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 4-і аралығында республикада 969 қылмыс жасалып,
олардың 721-і ізі суымай ашылды. ҚазАқпаратқа бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінен хабарлады. Сондай-ақ 169 жол-көлік оқиғасы тіркелді, апат салдарынан 31 адам мерт болып, 215 адам жарақат алды.