13:07, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Жаңажылдық мереке күндері Шығыс Қазақстанда 32 өрт оқиғасы тіркелді
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жаңажылдық мереке күндері Шығыс Қазақстанда 32 өрт оқиғасы болды, олардың салдарынан 3 адам қаза тапты,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.
Төтенше оқиғаларға негізінен, пештердегі ақаулар мен ішкілік ішкен жағдайда өртпен абай болмау фактілері себеп болған. Қаза болған үш адам да (екеуі - Өскеменде, біреуі - Семейде) өрт кезінде мас болған.
Ал пиротехника заттарын қолданудың салдарынан ешқандай өрт оқиғасы тіркелмегенін айта кету керек. Жаңажылдық мереке күндері төтенше жағдай қызметкерлері 17 апаттық-құтқару шараларын атқарып, нәтижесінде 9 адамды аман алып қалды.