Жәнібек Әлімханұлы желіге алдағы жекпе-жегі жайында жазба жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегі жайында мәлімдеме жасады.

боксшы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Шетелдік инсайдер көздерінің ақпараты бойынша былғары қолғап шебері 6 желтоқсанда WBA белбесуін жеңіп алу үшін кубалық Эрисланди Ларомен қолғап түйістіреді. «Kazakh style» атанған Жәнібек бірнеше айдан кейін рингке қайта оралуды мақсат етіп отыр. 

Қазіргі уақытта Жәнібек АҚШ-та алдағы айқасына дайындығын бастап кетті. Ол жекпе-жектің сәтті өтетініне толық сенімді екенін жеткізді.  

– Жақында... жеңіл жұмыс, - деп жазды Жәнібек Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алдағы жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы үшін 2025 жылдағы өткізген екінші айқасы болмақ. Астана қаласында сәуір айында өткен жекпе-жекте ол франциялық Анауэля Нгамиссенгені нокаутқа жіберген еді. 

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының үш белбеу сарапқа салынатын тарихи жекпе-жекке қол қойғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар