Жәнібек Әлімханұлы «Канело» үшін қиын қарсылас - сарапшы

Америкалық журналист Блэйн Генри қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альваресті (60-2-2, 39 КО) әбігерге салатынына сенімді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханүұлы
Фото: Sports.kz

- Әлімханұлының ендігі қарсыластары – Чарло мен Лара. Ол екеуін де тас-талқан етіп жеңеді. Әлемнің абсолют чемпионы атанғаннан кейін 168 фунтқа көтеріліп, солақайлармен жұдырықтасуға қиналатын «Канеломен» жекпе-жекке шығуға тырысады», - дейді сарапшы.

Сауль Альварес екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы екенін еске сала кетейік.

Жәнібек Әлімханұлына келер болсақ, қазір оның қоржынында орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулері бар.