09:12, 16 Маусым 2025 | GMT +5
Жәнібек Әлімханұлы The Ring журналының жаңартылған рейтингінде көш бастады
АСТАНА. KAZINFORM — The Ring журналы салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазды Sports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы көшбасшылық орнын (17-0, 12 KO) сақтап қалды. Ол WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие.
Рейтингтің келесі орындарында:
-
Карлос Адамес (Доминикан Республикасы, 24-1-1, 18 KO) — WBC чемпионы
-
Хамза Шираз (Ұлыбритания, 21-0-1, 17 KO)
-
Эрисланди Лара (Куба, 31-3-3, 19 KO) — WBA чемпионы
Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізді. Ол француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына кірген болатын.