Жаңбыр, бұршақ, найзағай: бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміздегі өңірлердің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

ауа райы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Ел аумағында жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал және қатты жел күтіледі. Ауа райы тұрақсыз болады, — делінген хабарламада.

Астана қаласында 10 маусым күні күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15–20 м/с. 

Алматы қаласында 10 маусым күні күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. 

Шымкентте 10 маусым күні күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15–20 м/с. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның 16 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды.