Жаңбыр, қар, көктайғақ — 24 қарашаға жасалған күн райы болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 24 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Kazinform

Ауа райына байланысты еліміздің барлық өңірінде ескерту жарияланды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ҚР аумағы арқылы жылжуын жалғастырады және елдің басым бөлігіне ықпалын сақтайды, сонымен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарында бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының тау асуларында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса жел күтіледі.