Жаңбыр, қар, көктайғақ: алдағы үш күнде елде ауа райы қалай өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 14–16 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жарияланды.

погода_снег
Фото: Kazinform/ЖИ

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

— Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. 15 қарашада еліміздің батысында қатты жаңбыр, ал 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, — делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

Еліміздің батысында түнде ауа температурасы +2+8°С-тан +6+11°С-қа дейін жоғарылайды, 16 қарашада -2+3°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз +8+13°С-тан +1+8°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыста түнде ауа температурасы +4+9°С-тан 0, +5°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +5+10°С-қа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы негізінен -3+3°С, күндіз +2+9°С-тан +4+11°С-қа дейін аздап жоғарылайды.

Солтүстікте түнде ауа температурасы негізінен -5+2°С, күндіз -2+3°С-тан 0, +5°С-қа дейін аздап жоғарылайды. Павлодар облысында түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз -2+3°С-қа дейін төмендейді.

Орталықта түнде ауа температурасы негізінен -2-10°С, күндіз -3+5°С болады.

Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде -1-8°С-тан -6-13°С-қа дейін төмендейді, күндіз негізінен -5+3°С болады.

Республиканың оңтүстігінде түнде ауа температурасы негізінен -5+3°С, күндіз +5+12°С-тан +7+15°С-қа дейін жоғарылайды.

Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -1-6°С-тан -5-10°С-қа дейін, таулы аудандарда -9-14°С-тан -13-18°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +2+10°С-тан 0, +8°С-қа дейін, таулы аудандарда -1-6°С-тан -3-8°С-қа дейін төмендейді.

Осыдан бұрын 13 қарашада жолға шығатын жүргізушілер нені ескеруі керек екенін жазғанбыз.