Жаңбыр, найзағай: 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: Алматы әкімдігі

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігі циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады.

Шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік өңірлердің жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысына антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз, жылы ауа-райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-шығыста дауыл күтіледі.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақыттарда — тұман болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі күтіледі. Желдің жылдамдығы 5-10м/с жетеді.

Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі болады.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында да өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум