Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 8 маусымға жасалған күн райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 8 маусым, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Pexels

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде әлі де құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, солтүстігінде — қатты жаңбыр жауады, мемлекетіміздің батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ болады. 

Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейеді, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. 

Күндіз Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде де аптап болады. .

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарында жоғары өрт қаупі бар. 

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.