Жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел: 17 облыстың тұрғындарына ескерту жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — 23 тамызда Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысының батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ пен қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында, күндіз солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі, өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, облыстың оңтүстігінде және шығысында батыстан соғатын желдің, сондай-ақ таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауының тауларында, оның ішінде Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с болады.
Атырау облысында күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз ауа температурасы 35-37 градус болады. Қалада да төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз оңтүстік-батыста және таулы аймақтарда жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Таразда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында кей уақытта 23-28 м/с болады. Батысында, шығысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғады. Батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы 38-42 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с болады.
Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарында 15-20 м/с, күндіз солтүстігінде кей уақытта 23 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с, шығысында және оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазғанда күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМҚ 22–24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.