Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңбыр, найзағай, дауыл: Қазақстанның 17 өңірінде ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — 22 тамызға Қазақстанның 17 өңірінде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

Жаңбыр, найзағай, дауыл: Қазақстанның 17 өңірінде ескерту жарияланды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Алматы облысында күндіз оңтүстігінде жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысында түнде солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде, күндіз оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысында 22 тамызда түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орталығында да төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, батысы мен солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында түнде солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігі, шығысы және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауады, солтүстігінде өткінші жаңбыр күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы және дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, батысында, солтүстігінде және таулы әрі тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша алдағы күндері солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай әкеледі. Кейбір аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.