10 қыркүйекте жаңбыр жауып, жел күшейеді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанда 10 қыркүйекте найзағай, шаңды дауыл және 37 градусқа дейін ыстық болады.
Қазақстанның 17 облысы, сондай-ақ Астана мен Шымкент қаласында 10 қыркүйекте ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Синоптиктер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, тұман басып, шаңды дауыл болатынын болжады. Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.
Астана: жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысы: солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы: батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы: батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–18 м/с болады. Солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы: күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Орталығы, батысы мен шығысында төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы: түнде солтүстігі мен шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және қатты жел болады. Батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы: түнде шығысы, оңтүстігі және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығысы мен оңтүстігінде жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы: оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы: 10–11 қыркүйекте күндіз Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысы: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с болады.
Оңтүстік-шығысында төтенше, солтүстік-шығысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы: жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы: солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы: оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы: батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Солтүстігі, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы: орталығы, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы: түнде батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Күндіз бұл аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, батысында күтіледі.
Түркістан облысы: батысы мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан соғып, батысы, солтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы: солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент: төтенше өрт қаупі сақталады.