Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңбыр, найзағай, жел: 20 тамыз күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін біраз өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Синоптиктердің болжауынша, елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз. 

бұршақ
Фото: Kazinform

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жл тұрады. Сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда солтүстікте тұман болады.

Күндіз Алматы облысында +35°С, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Жетісу облысында +35+38°С, Маңғыстау облысында +38+40°С қатты ыстық күтіледі.

Қарағанды облысында найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал. 

Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрып, бұршақ жауады. Желдің екпіні 23 м/с. 

Ал Астана қаласында жаңбыр жауады. Солтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.

Айта кетейік, Токио жиілеген аптап ыстық, нөсер жаңбыр және басқа да құбылмалы ауа райының салдарынан тұрғындарды қорғау үшін жаңа шешімдерді енгізіп жатыр.