Жаңбыр, тұман, көктайғақ: 1 сәуірде ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет ел аумағында 1 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

жаңбыр
Фото: Kazinform

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфера фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

«Жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. ҚР бойынша тұман түсіп, солтүстік, солтүстік-батыста көктайғақ болады», — деп жазды ведомстводан.