02:03, 20 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Жаңбыр, үсік, найзағай — 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 20 қыркүйек, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елдің көп бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.
Республика бойынша жел күшейеді. Батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1-2 градус үсік жүреді.
Еліміздің барлық дерлік өңірінде әлі де төтенше өрт қаупі сақталып тұр.