Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: Алматы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM  – Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек оңтүстік-шығыста, батыс пен оңтүстіктің жекелеген аудандарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте боран соғады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыста, солтүстік және шығыста тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 1-6 үсік жүреді.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе, Абай, Ұлытау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар