Еліміздің бірқатар өңірінде қар жаууы ықтимал

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің 7 өңірінде жоғары өрт қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты.

ауа райы
Фото: Pexels

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөлікдер әсер етеді. Шығыста жаңбыр жауады. Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстік-шығыста-бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман болуы ықтимал», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, түнде Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде, шығысында Абай облысында 1-3 градус үсік жүруі күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстік, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.