10:11, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
Жанбота Алдабергенова Әлем кубогының кезеңінде шаңғы акробатикасы бойынша екінші орынға ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жанбота Алдабергенова Мәскеуде фристайл бойынша әлем Кубогінің кезеңінде шаңғы акробатикасы бойынша күміс медальға қол жеткізді.

Финалдағы үздік нәтижені - 77,43 ұпайды ресейлік Алина Гриднева көрсетті, Жанбота Алдабергенова - 75,91 ұпайға ие болса, үшінші орын америкалық Мэдисон Олсенге (75,69) бұйырды.
Кезең Мәскеуде сенбі күні аяқталды, деп хабарлады sports.kz.