Жаңбыр, бұршақ: 6-8 күндерге синоптиктер болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 6-8 шілде аралығында қалыптасатын күн райына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңбыр, бұршақ: 6-8 күндерге синоптиктер болжамы

«Алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай мен екпінді жел күтіледі.

6-7 шілдеде орталықта және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Батыста және оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылайтыны болжанады - +33+42°С дейін.

Ал еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта +22+ 35°С дейін, солтүстікте +23+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін аздап төмендеуі мүмкін», - делінген синоптиктер мәліметінде.