Жаңбыр, бұршақ, дауыл: 23 сәуір күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: 23 сәуір күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Жекелеген аумақтарда тұман күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында шаңды дауыл болжанады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 артады. күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ дауыл тұруы мүмкін. Ақмола облысында бұршақ болжанады.

Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.