Жаңбыр, қар, екпінді жел: 28 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 23-28 м/с күшейетіні күтіледі.
Қостанай облысында жел 15-23 м/с артып, облыстың оңтүстігінде найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-23 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с артады. шаңды дауыл тұрады.
Қарағанды облысының батысында, шығысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде Атырау облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, облыстың оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен болады.
Алматы облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде , солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықта соғады, түнде және таңертең облыстың батысында және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.