Жаңбыр, қар, көктайғақ - жексенбіге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстікте, шығыста қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстікте, шығыста желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.


Соңғы жаңалықтар