Жаңбыр, найзағай, қатқақ: 8 қыркүйекте құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 8 қыркүйек, жұмаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғысынша атмосфералық фронттардың ықппалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Тек елдің шығысынды жауын-шашын жоқ.

Республика бойынша екпінді жел, республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ жауады.

ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысында өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар