Жаңбыр, жел – бейсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 тамызда, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте және шығыста тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысынын кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстары, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар