Жаңбыр, жел, тұман – сенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жаңбыр, жел, тұман – сенбіге арналған ауа райы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, дауыл соғуы мүмкін, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынын кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 20 м/с күшейеді, Қарағанды ​​облысында екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.