Жаңбырлы күні неліктен ағаштар суарылып жатыр – «Астана Зеленстрой» түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жаңбырлы күні ағаш суарған видео әлеуметтік желіге тарады. Осыған байланысты қала әкімдігі «Астана Зеленстрой» ЖШС жауабын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңбырлы күні неліктен ағаштар суарылып жатыр – «Астана Зеленстрой» түсіндірді

«Астана Зеленстрой» компаниясы жасыл желекті азықтандыру мәселесіне қатысты түсінік берді.

«Астана-Зеленстрой» ЖШС ағаштардың тамыр жүйесіне минералды тыңайтқыштар жіберу жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл процедура тек бұлтты және жаңбырлы ауа райында жасалады», - деп хабарлады компания.

Компанияның айтуынша, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін минералды кешенді тыңайтқыштар ылғалды топыраққа қолданылады.

Тыңайтқыш суда ериді және суару көліктерінен шашылады.

Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда соңғы күндері қатты жаңбыр, бұршақ және найзағай болады. Бүгін жел екпіні 20 м/с дейін күшейеді деп күтіліп отыр.


Видеодан алынған кадр