Жәндіктен қорыққан тележүргізуші эфирді тастай қашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Fox 59 телеарнасының жүргізушісі оператордың камерасына қонған араны көріп, жүргізіп жатқан хабарын тастай қашқан, деп жазады Сегодня.
Жәндік пайда болған сәтте Дженнифер Кетмар Индиана штатының ауа райы туралы баяндап тұр еді. Ол бұл аймақта жылы атмосфералық ауаның әсерінен аралардың көбейіп кеткені туралы айтып жатқан. Дженнифер камера объективіндегі араны көрген сәтінде «Ол мұнда жүр ғой» деп айғайлап, эфирді тастай қашты. Жүргізуші кадрға жәндік ұшып кеткеннен кейін ғана оралды.