Жәндіктерге танымал адамдардың есімін беру кең таралуда
АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары жаңадан табылған биологиялық жәндіктер түрлеріне танымал адамдардың есімдерін беру кең таралып келеді.
Бірнеше күн бұрын ғана балық қанымен қоректенетін жәндікке танымал музыкант Боб Марли есімін берді, деп хабарлайды Би-би-си.
Жыл сайын биологтар 17 мыңнан 24 мыңға дейін жәндіктердің түрлерін анықтайды, олардың көпшілігін бунақ денелілер мен омыртқасыз жәндіктер құрайды.
Зоологиялық номенклатура тәртібі бойынша оларды ашқан ғалымдар әдетте өз есімдерін беруге жасқанады. Танымал адамдардың есімдерін жәндіктерге арнайы комиссия береді.
Осы уақытқа дейін, Джордж Буш қоңызы, Кейт Уинслит қоңызы, Адольф Гитлер қоңызы, Чарльз ханзадасының бақасы т.б. осы сынды атаулы жәндіктердің қатары толыққан-тын.
BAQ.KZ