22:51, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
«Жаңғақ дауына» қалған «Korean Air-дің» вице-президенті кінәсін сот алдында мойындамады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сеул қаласында Korean Air әуе компаниясы басшысының ұшақта дұрыс берілмеген жаңғақтар үшін жанжал шығарып, ұшақтың кешігіп ұшуына себепкер болған қызы Чо Хёнге қатысты сот процесі өтті, деп хабарлады ВВС.
Korean Air вице-президенті қызметінде болған Чо Хён авиациялық қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталған. Дүйсенбі күні өткен бірінші отырыста ол өз кінәсін мойындаудан бас тартты.
Оның қорғаушылар Чо Хённің кінәсін нақтырақ айтқанда, стюардтардың оған жаңғақтарды тәрелкемен емес, пакетпен беруі үшін ұшақты ұштырмауды талап еткенін жоққа шығармайды. Алайда, қорғаушылардың айтуынша, Чо Хённің осындай талаптарын қауіпсіздік ережелерін бұзу ретінде қарауға болмайды, өйткені ұшақ отырғызу орындалған жерден алыс емес жерден қайтқандықтан оның бағыты айтарлықтай өзгерген жоқ.
Осы жанжалдан кейін компанияның вице-президенті қызметін атқарып келген Чо Хён жұмыстан кетіп, бортсеріктерінен өзінің келіспейтін қылығы үшін кешірім сұрады.