Жаңғақ жүрек ауруларынан қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күніне жаңғақтың бір порциясын пайдалану - жүрек ауруларына шалдығу қаупін едәуір қысқартатынын жаңа зерттеу жұмыстары көрсетті. Бұл туралы Day.Az Росбалтқа сілтеме жасап хабарлады.

Жаңғақ жүрек ауруларынан қорғайды

Ғалымдардың пікірінше, күнделікті рационға жержаңғақ, кешью және бразилиялық жаңғақтарды қосу арқылы жүрек дертіне шалдығу қаупін 30% төмендетуге болады. Сондай-ақ, жаңғақтар онкологиялық аурулардың алдын алуда да 10% пайдасы бар.

Бір зерттеушінің сөзіне қарағанда, жаңғақтың құрамындағы пайдалы заттар организмді холестериннен арылтуға септеседі, яғни түрлі дерттердің пайда болу қаупін бәсеңдетеді. Сарапшылар жаңғақтарды көбірек пайдалануға кеңес береді.