Жангелдин көшесі бойынша қозғалыс 1 қыркүйекке дейін шектеледі
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін 22:00-ден бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Жангелдин көшесінің Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дайінгі және Жеңіс даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықтары жабылады.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдейді.
Жоба шеңберінде инженерлік желілерді дамыту, жүру аумағын кеңейту, қосымша тұрақтар жасау, құрамына жарықтандыру, көгалдандыру кіретін абаттандыру жұмыстарын жүргізу, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын салу және жаңа бағдаршам қондырғыларын, жол белгілерін, сондай-ақ, басқа да жол қозғалысын реттеуші құралдар орнату жұмыстары қамтылған.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жол 1 қыркүйекке дейін жабылады.
Астана қалалық жол полициясы басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолда ерекше сақ болуды, балама қозғалыс маршрутын алдын ала белгілеп алуды, сондай-ақ жол белгілеріне назар аударып, жол ережелерін қатаң сақтап жүруді сұрайды.