Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің озат студенттері тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды

ОРАЛ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес озат студенттерді қолдау ісі одан әрі жалғасуда,

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің озат студенттері тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрінің тамыздың 24-індегі №395 бұйрығына сәйкес Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің үздік оқитын 33 студентіне қосымша білім гранттары табыс етілді. Оған қоса осы кезге дейін ақылы негізде оқып келген тағы 59 студент жазғы сессияның қорытындысымен босаған орындарға ауыстырылды.

Бұдан бұрын биылғы көктемде министрдің бұйрығымен университеттің жоғары курстарында үздік оқитын 138 студент тегін оқуға көшірілген болатын.