Жаңғырту мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия құру - 5 институционалдық реформаларды іске асырудың маңызды факторы - саясаттанушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының шұғыл мерзімде Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құруы 5 инстуционалдық реформаларды сәтті іске асырудың маңызды факторы болып табылады, деп санайды Қазақстан саясаттанушлар конгресінің мүшесі Фарида Оқасова.

Жаңғырту мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия құру - 5 институционалдық реформаларды  іске асырудың маңызды факторы - саясаттанушы

Ұлттық комиссияның құрамын бекіткен Қазақстан Президенті реформалаудың әр бағыты бойынша нақты басшыларды айқындады.

«Бұл заңнама, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы саласындағы реформалар жүйелі негізде тең іске асырылатынын білдіреді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ұлттық комиссияның бірінші отырысында ұлт жоспары - одан әрі мемлекеттік қалыптасудың 100 нақты қадамы ұсынылатынын айтты. Шешімдер қабылдаудың жеделдігі, қарқынды дамуға бағыттылық 5 институционалдық реформаларды ойлағыдай іске асыруды қамтамасыз ету үшін ерекше серпін береді», - деп атап өтті ол.